Ат қазақтан басқа халықта жай ғана ат. Ал бізде ол әрі зат есім, әрі етістік. Себебі, қазақ аттың үстінде жүріп, атын танытқан. Арғымаққа мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмаған. Өзі түспей, ешкім түсіре алмаған. Жылқыға неге жақын екенімізге тағы да дәлел керек пе? Оның Қазақстан территориясында алғаш рет қолға үйретілгенін өзіміз емес, өзгенің ғалымдары дәлелдеп тастады. Сол арғымақтың үстінде жүріп, ата-бабаларымыз өркениетін құрды. Себебі, отырықшы өркениеттің бір-бірімен араласуы қиын болатын. Аттың үстіндегі көшпенділер мыңдаған, оң мындаған шақырым қашықтықтардағы мемлекет пен мемлекет, ұлт пен ұлыс арасындағы коммуникацияны қамтамасыз етті. Шығысқа Батысты таныстырды. Батысқа Шығысты мойындатты. Сондықтан, біз ат үстінде өркениет құрған елміз десек, еш әбестігі болмайды.
Сол өркениеттің иесі ретінде біз атпен егіздің сыңарындай етене жақын боп кеткенбіз. Тек осы жылқыға қатысты біз «есті жануар», «тілсіз адам» деген теңеулер айтамыз. Қазақтың өзін «жылқы мінездіміз» деп сипаттауы да осы жақындықтан. Содан да, қазақтың өз тарихы мен жылқысының шежіресі әлі күнге қатар жазылып келеді. Дастан-жырларымыздағы Тайбурыл, Байшұбардан бастап Ақан Серінің Құлагеріне дейін, Олимпиаданың чемпионы болған Абсенттен бастап көкпардың дүлділі Лазерге дейін... Қараңыз, бұл біздің тарихтың жыртып тастамайтын беттері. Болмысымыздың бұзылмас бөлшегі.
Ал арғымақ осы қазақ жылқысының арасындағы төресі еді. Ең сұлуы, соған қарамай, күй талғамайтыны. Енді осы қазына - арғымақ қазір жүйріктік пен төзімділіктің баламасындай болып қалды. Біз де «Арғымақ» арқылы халықтың шексіз махаббатына ортақтасқымыз келеді. Біздің «Арғымақ» та әдемі пішіннің, асқан төзімділіктің баламасына айналса дейміз.
Получайте заказы сразу, а платите за них постепенно без процентов и переплат.
-
25%
Платёж сегодня
-
25%
Через 2 недели
-
25%
Через 4 недели
-
25%
Через 6 недель
-
25%
Платёж сегодня
-
25%
Через 2 недели
-
25%
Через 4 недели
-
25%
Через 6 недель
-
25%
Платёж сегодня
-
25%
Через 2 недели
-
25%
Через 4 недели
-
25%
Через 6 недель
- Покупка уже ваша
- Выбирайте любые понравившиеся товары, сборка заказа начнётся сразу после оформления и оплаты первых 25% стоимости. 4 небольших платежа
- Плати частями – просто ещё один способ оплаты: сервис автоматически будет списывать по 1/4 от стоимости покупки каждые 2 недели.
- Без переплат и скрытых условий
- Это не кредит и не рассрочка: вы заплатите ровно ту сумму, которая указана в корзине при оформлении заказа.
- Без анкет и ожидания
- Нужно просто ввести ФИО, дату рождения, номер телефона и данные банковской карты.
- Соберите корзину на общую сумму от 1 000 ₽ до 150 000 ₽.
- В способе оплаты нужно выбрать «Оплата частями».
- Спишем первый платёж и отправим вам заказ. Остальное — точно по графику.
Стоит отметить, что Аргымак – это не просто конь. Это самый лучший скакун – статный, сильный, быстрый, как степной ветер, но при этом непривередливый.
У казахов есть выражение «Конь – крылья батыра». И действительно, ни одного джигита раньше невозможно было представить без собственного коня.
По обычаю, когда мальчику исполнялось три года, его сажали на скакуна. С этих самых пор он привыкал держатся в седле.
Говорят, наши предки написали историю копытами своих коней. Верхом на своих резвых аргымаках они демонстрировали настоящее мужество, сражаясь за лучшие земли и защищая свой народ.
Создавая коллекцию «Argymaq», мы стремились отдать дань уважения животному, воплотившему в себе энергию смелости, безупречной репутации и нескончаемой выдержки. Пусть эти качества сопровождают каждого, кто примерит на себя изделия данной серии!